Милан–Кортина Паралимпиадасы: қазақстандық спортшылар ашық эстафетада бесінші орын алды

Милан–Кортина Паралимпиадасы: қазақстандық спортшылар ашық эстафетада бесінші орын алды

Бүгін Италияда өтіп жатқан қысқы Паралимпиада ойындарында пара шаңғы жарысынан 4×2,5 км ашық эстафетада өнер көрсеткен Ербол Хамитов, Александр Герлиц және Владислав Кобаль жалпы есепте 23 минут 18 секунд уақыт нәтижесімен осы дисциплинада бесінші орынға тұрақтады. Бұл жарыста бірінші орынды Қытай(21:54.4), екінші орынды Германия (21:59.8), ал үшінші орынды Норвегия (22:28.6) құрамасы алды. Кеше ғана Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында пара биатлоннан 4,5 км із қуу жарысында тарихи алтын медаль жеңіп алған болатын. Бұған дейін ол пара шаңғы жарысынан 1500 м классикалық спринтте қола медаль иеленген еді. Қазақстандық спортшылар үшін Милан-Кортина Паралимпиада ойындарының соңғы жарысы ертең, 15 наурызда, пара шаңғы жарысынан 20 км интервалды жарыс дисциплина бойынша өтеді.

Жаңалықпен бөлісу

Пайдалы сілтемелер

Паралимпиада спортының барлық жаңалықтары Сурдлимпиада спортының барлық жаңалықтары IWAS барлық жаңалықтары