2019 жылға арналған спорттық іс-шаралардың республикалық бірыңғай күнтізбелік жоспарына сәйкес, 2019 жылғы 11-24 сәуір аралығында Нұр-Сұлтан қаласындағы Паралимпиадалық жаттығу орталығында дене мүмкіндіктері шектеулі спортшылар арасында отырып ойнау волейболынан оқу-жаттығу жиындары өтті. Жиындарға отырып ойнау волейболынан аға жаттықтырушы Тахауов Бауыржан Бақтықожаұлының жетекшілігімен 12 спортшы қатысты.
| 1. | Тахауов Бауыржан - жаттықтырушы |
| 2. | Ізмағанбетов Берік |
| 3. | Иманғалиев Расул |
| 4. | Қасқабаев Ерік |
| 5. | Медеуов Шыңғыс |
| 6. | Мұқанбетқалиев Нұртау |
| 7. | Намұратов Пердебай |
| 8. | Сартаев Бауыржан |
| 9. | Сүйеуов Жанғали |
| 10. | Тәжіков Қуаныш |
| 11. | Шікібаев Ақылбек |
| 12. | Битеміров Ерлан |
| 13. | Демеуов Александр |
Жиынның негізгі мақсаты – спорттық шеберлік деңгейін арттыру, ағымдағы жылдың маусым айында өтетін Азия және Океания чемпионатына қатысуға және жоғары деңгейде өнер көрсетуге функционалды және сапалы дайындық болып табылады. Жаттығуларда сондай-ақ техникалық және тактикалық әрекеттер пысықталды. [gallery link="file" size="medium" ids="4109,4108,4107"]