Оралда өткен  жастар арасында тоғызқұмалақтан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары белгілі болды

Оралда өткен жастар арасында тоғызқұмалақтан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары белгілі болды

Орал қаласында наурыздың 25-31 арлалығында тірек-қимыл аппараты зақымданған және көру қабілеті төмен жастар арасында тоғызқұмалақтан  Қазақстан Республикасының жекелей чемпионаты өтті. Жарыста Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары, Батысы Қазақстан, Атырау, Жамбыл, Маңғыстау, Павлодар және Алматы облыстарынан бас қосқан 50-ге жуық спортшы бақ сынады. Жарыс қортындысы бойынша жеңімпаздар келесідей анықталды: Көру қабілеті төмен спортшылар арасында (ұлдар):

1 орын – Аманша Мейрамбек (БҚО); 2 орын – Балмағамбетов Ахметкарим (Нұр-Сұлтан); 3 орын – Туктыбай Батырхан (БҚО).

  Көру қабілеті төмен спортшылар арасында (қыздар):

1 орын – Игиликова Мадина (Жамбыл облысы); 2 орын – Сагындык Аяжан (Маңғыстау облысы); 3 орын – Мусина Нурай (Павлодар облысы).

  Тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар арасында (ұлдар):

1 орын – Эдуардұлы Артем (Атырау облысы); 2 орын – Амантаев Артур (Маңғыстау облысы); 3 орын – Кириченко Станислав (Павлодар облысы).

  Тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар арасында (қыздар):

1 орын – Оралбай Динара (Маңғыстау облысы); 2 орын – Алқуатқызы Динара (Маңғыстау облысы); 3 орын – Мергенбек Бағизат (Шымкент қаласы). [gallery link="file" columns="4" ids="5519,5518,5517,5516"]

Жаңалықпен бөлісу

Пайдалы сілтемелер

Паралимпиада спортының барлық жаңалықтары Сурдлимпиада спортының барлық жаңалықтары IWAS барлық жаңалықтары