Оралда жастар арасында тоғызқұмалақтан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр

Оралда жастар арасында тоғызқұмалақтан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласында тірек-қимыл аппараты зақымданған және көру қабілеті төмен жастар арасында тоғызқұмалақтан  Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Жарысқа Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары, Батысы Қазақстан, Атырау, Жамбыл, Маңғыстау, Павлодар және Алматы облыстарынан 50-ге жуық спортшы жиналды. Қатысушылар жекелей кездесу ойындары бойынша  бақ сынауда. «Жарыстың басты мақсаты, ұлттық ойынды жастар арасында кеңінен дәріптеу, насихаттау және бұқаралық сипатын арттыру. Жастардың ой-өрісін, санасын шынықтыру мен спорттық шеберлікті және зияткерлік қабілетті қалыптастыру», - дейді аға жаттықтырушы Нұржан Қонарбаев. Айта кетсек, наурыздың 25-нен бастау алған чемпионаттың қортындысы 31 наурызда белгілі болмақ.

Жаңалықпен бөлісу

Пайдалы сілтемелер

Паралимпиада спортының барлық жаңалықтары Сурдлимпиада спортының барлық жаңалықтары IWAS барлық жаңалықтары