Бүгін, 10 қазан – Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар күніне орай, Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығында салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Іс-шара барысында орталықтың директоры Ержан Естаев қатысушыларды Кәсіподақтар күнімен құттықтап, спорт саласын дамытуға қосқан зор еңбектері үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ, орталық қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен кәсіподақ төрайымы Айна Ермағамбетова құттықтап, кәсіподақтың жұмыскерлердің құқықтарын қорғаудағы маңызды рөлін атап өтті.
Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы атынан әлеуметтік-еңбек қатынастары мен кәсіподақ қозғалысының дамуына сіңірген еңбектері үшін Естаев Ержан Есімханұлы пен Рожков Максим Васильевич "Еңбек даңқы" төсбелгісімен марапатталды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру идеясы аясында қоғамның дамуына қосқан үлесі мен әлеуметтік әріптестікті дамытудағы жемісті еңбектері үшін құрмет грамотасымен Картпаев Айдар Серикович, Дукуева Мейрамгуль Дюсембаевна және Әділжан Әділбек Болатұлы марапатталды. Қайырбек Мадина Бақытжанқызы мен Қадырбайұлы Батыр алғыс хаттарға ие болды.
Бұл шара еліміздің еңбеккерлеріне, кәсіподақ мүшелеріне деген жоғары құрметтің айғағы бола отырып, әлеуметтік әріптестіктің маңыздылығын тағы бір рет айшықтады. 