Бүгін Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығында Қазақстан Республикасының Конституциясының жаңартылған жобасын талқылауға арналған жиын өтті. Іс-шараға Орталық қызметкерлері қатысып, еліміздің болашағына тікелей әсер ететін маңызды құжат төңірегінде өз пікірлерін ортаға салды. Жиынды Орталық директоры Болатбек Дукетаев ашып, Конституцияның мемлекет үшін маңыздылығына тоқталды. Оның айтуынша, Ата заң – еліміздің құқықтық негізі ғана емес, қоғам дамуының бағыт-бағдарын айқындайтын басты құжат. Сонымен қатар, енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың әрбір азамат үшін өзекті екенін атап өтіп, жиынның мән-маңызына ерекше тоқталды. Одан бөлек, жиын барысында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі О. Бектеновтің ҚР Үкіметі жанындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында берген тапсырмасына сәйкес, құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аталған бөлім бойынша Орталықтың заңгері Мұқан Мұқанали баяндама жасап, құқық бұзушылық профилактикасының қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздікті сақтаудағы маңызын түсіндірді. Кездесу барысында қызметкерлер тарапынан бірқатар сұрақтар қойылып, құқықтық нормалар мен алдын алу шаралары бойынша пікір алмасу өтті. Жиын соңында қатысушылар көтерілген мәселелердің өзектілігін атап өтіп, заң талаптарын сақтау мен құқықтық мәдениетті арттырудың маңыздылығына тоқталды. 


