Орталықтың қызметкерлері «Үлкен спорттағы допинг мәселесі»  тақырыбында мастер-класс өткізді

Орталықтың қызметкерлері «Үлкен спорттағы допинг мәселесі» тақырыбында мастер-класс өткізді

Бүгін Дене мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының мамандары  Азамат Нурмаханов пен Нұрсұлтан Еникеев «Үлкен спорттағы допинг мәселесі» тақырыбында онлайн мастер-класс өткізді. Іс-шара мүгедектігі бар спортшылармен жұмыс жүргізетін өңірлердегі спорттық клуб қызметкерлері, жаттықтырушылар, спортшылар және спортқа қызығушылық танытқан өзге де тұлғаларға арналды. Бір сағаттан астам уақытқа  созылған онлайн мастер-классқа 97  адам қатысты. Онлайн іс-шара барысында доппингке қарсы іс-шаралардың тәртібі мен өзекті мәселелері, ондағы терапиялық жағдайда қабылданатын медициналық заттардың ерекешеліктері  сынды сұрақтар қозғалды. Спикерлер өз кезегінде қатысушылардан түскен бірқатар сауалдарға жауап беріп, жан-жақты түсіндіріп өтті.

Жаңалықпен бөлісу

Пайдалы сілтемелер

Паралимпиада спортының барлық жаңалықтары Сурдлимпиада спортының барлық жаңалықтары IWAS барлық жаңалықтары