Тунисте 23-30 маусым аралығында пара жеңіл атлетикадан әлемдік Гран-при сериясының турнирі өтті. Жарысқа 25 мемлекеттен 300-ге жуық спортшы қатысты. Бұл Париж-2024 Паралимпиада ойындарының алдындағы ірі рейтингтік жарыс. Байрақты бәсекеде қазақстандық спортшылар сәтті өнер көрсетіп, 6 жүлделі орынға ие болды: 1 орын - Салтанат Әбілхасымқызы (200 м қашықтыққа жүгіру); 1 орын – Равиль Мансурбаев (ядро итеру); 2 орын - Руфат Хабибулин (100 м қашықтыққа жүгіру); 3 орын - Руфат Хабибулин (найзаны лақтыру); 3 орын – Дастан Мукашбеков (ядро итеру); 3 орын – Салтанат Әбілхасымқызы (100 м қашықтыққа жүгіру). «Гран-при жарыстарында Қазақстан тарапынан 7 спортшы қатысты. Спортшылардың дайындығы жоғарғы деңгейде болды. Бұл жарыста 6 жүлдеге қол жеткіздік. Оның ішінде Салтанат Әбілхасымқызы, Равиль Мансурбаев, Дастан Мукашбеков пен Руфат Хабибулин лайықты өнер көрсетіп, Пара Азия ойындарына іріктеуден өтті», – деді Дене мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының команда басшысы Мәулен Нәсіпқали.
