2022 жылдың 11-18 қыркүйек аралығында Марракеш қаласында пара жеңіл атлетикадан әлемдік Гран-При сериясының жарыстары өтті. Жарысқа әлемнің 40 мемлекетінен 400-ден астам спортшы қатысты. Гран-При жарыстарына Қазақстан тарапынан 13 спортшы қатысып, 7 медальға қол жеткізді: 4 «күміс» және 3 «қола».
Күміс жүлдегерлер:
- Руфат Хабибулин - 100 м жүгіру, T-64;
- Асем Жанадилова – найза лақтыру, F-57;
- Есболат Балбаев – ядро итеру, F-53;
- Гульбахыт Каиржанова – найза лақтыру, F-12;
Қола жүлдегерлер:
- Еламан Жоламан – найза лақтыру, F-35;
- Асем Жанадилова - диск лақтыру F-57;
- Есболат Балбаев – найза лақтыру, F-53.
«Пара жеңіл атлетикадан әлемдік Гран-при жарыстарында қазақстандық спортшылар лайықты деңгейде өнер көрсетіп, қанжығаға 7 медаль байлады. Бұл 2023 жылы Париж қаласында өтетін әлем чемпионатының алдындағы ірі рейтінгтік жарыс. Жарыс барысында еліміздің 3 спортшысы халықаралық классификациядан өтіп, өз спорттық класстарын алды: Жанадилова Асем - F-57, Толегенов Нажемиден - T/F-35 және Исатаев Нурлыбек - F-4. Паралимпиадалық жарыстардағы спорттық класстын басты мақсаты – спортшыларды дене мүмкіндігінің шектеулігіне байланысты арнайы топтарға бөліп, спорттық жарысты әділ ұйымдастыру болып табылады» - деді Дене мүкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының команда басшысы Нәсіпқали Маулен Абайұлы.
