24-26 сәуір аралығында Марокконың Марракеш қаласында пара жеңіл атлетикадан әлемдік Гран-при сериясының кезеңі өтті. Турнирге әлемнің 43 елінен 335 спортшы қатысты. Жарысқа Қазақстан құрамасынан 12 пара атлет қатысып, 15 медаль жеңіп алды:алтын медаль:Тамерлан Айкенов (200 м жүгіру)Мейіржан Мақшат (800 м жүгіру)Еламан Жоламан (найза лақтыру)Иван Залезняк (ядро итеру)күміс медаль:Руфат Хабибуллин (найза лақтыру) Диана Шапошникова (диск лақтыру)Равиль Мансурбаев (ядро итеру)Еламан Жоламан (ядро итеру) қола медаль :Тамерлан Айкенов (100 м жүгіру) Рауан Базарбаев (200 м жүгіру) Алишер Кумарғалиев (200 м жүгіру) Мейіржан Мақшат (400 м жүгіру) Иван Залезняк (диск лақтыру) Евгений Орлов (диск лақтыру)Махамбет Серікқалиев (ядро итеру)«Еліміздің пара спортшылары жарыста абыроймен өнер көрсетіп, жақсы нәтижеге қол жеткізді. Бұл дода спортшыларымыз үшін әлемдік рейтингтерін жақсартып, қыркүйек айында Үндістанда өтетін әлем чемпионатына қатысу үшін қажетті ұпай санын жинауға мүмкіндік берді. Алдағы әлем чемпионатында да жақсы көрсеткіштерге қол жеткіземіз деген үміттемін», – деді Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының пара жеңіл атлетикадан команда басшысы Мерей Бигарин.