Ташкентте өткен пара жеңіл атлетикадан ашық турнир мәресіне жетті. Жарысқа Орталық Азия мемлекеттерінен 300-ден астам спортшы қатысты. Ашық чемпионатта еліміздің спортшылары қанжығаға 17 жүлде байлады: 10 «алтын», 4 «күміс» және 3 «қола». 1 орын: Ерасыл Солтанғали –100 м, 200 м және 400 м (Т37) жүгіруден үш дүркін жеңімпаз; Салтанат Әбілқасымқызы – 100 м және 200 м жүгіруден (Т35) екідүркін жеңімпаз; Мұқан Айтмурзаев - найза лақтыру және ядро лақтырудан (F53) екідүркін жеңімпаз; Дастан Мукашбеков – ядро лақтыру (F36); Алексей Лукутин – ядро лақтыру (F40); Равиль Мансурбаев – ядро лақтыру (F46); 2 орын: Санвар Шахрух –100 м жүгіру (Т46); Иван Залезняк – ядро лақтыру (F36); Мұқан Айтмурзаев – диск лақтыру (F53); Мейіржан Макшат - 400 м жүгіру (T/F-46). 3 место: Сергей Харламов – 400 м жүгіру (Т36); Қолғанат Бақберген – найза лақтыру (Т46); Сергей Харламов – ұзындыққа секіру (Т36). «Қазақстандық спортшылар ашық чемпионатта сәтті өнер көрсетті. Жарысқа қатысудағы басты мақсат – Әлемдік IWAS ойындарына дайындық болды. Аталмыш жарыс биыл 23-29 қараша аралығында Португалияда спорттың үш түрі бойынша өтеді (жеңіл атлетика, пауэрлифтинг және жүзу)» - деді Дене мүкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының команда басшысы Маулен Нәсіпқали.