Пара биден әлем чемпионатының жеңімпаздары елге оралды

Пара биден әлем чемпионатының жеңімпаздары елге оралды

Қазақстандық спортшылар пара биден әлем чемпионатында 2 алтын 1 күміс және 1 қола медаль еншіледі. Жарыста спортшымыз Оторбаев Ардак SINGLE MAN CLASS 1  санатында  – 3 орынды иеленді. Алиева Севда мен  Оторбаев Ардак - DUO LATIN CLASS 1 санатында – 1 орын,  DUO FREESTYLE CLASS 1 санатында – 1 орын және  DUO STANDART CLASS 1 санатында - 2 орынды еншіледі. «Әлем чемпионатын 4 жыл күттік. Пандемияның  салдарынан әлем чемпионатының өту мерзімі созылып кетті. Өздеріңізге мәлім, бұл жарысқа қатысу үшін – көптеген лицензиялық халықаралық жарыстарға қатысып, бақ сынадық, талмай, тыңғылықты дайындалдық. Барлығы жеңілдікпен келді деуге келмес.Спортшылар көп тер төкті, әр жаттығу, әр лицензиялық жарыс – бізді әлем чемпионатына жақындастырды. Ең бастысы – біздің мақсат айқын болды. Бұл – жеңіп, әлем чемпиондары атану. Мақсат жүзеге асты! Қазақстанның байрағын биік тұғырдан көрсеткен спортшыларды мақтан тұтамын. Жеңіс жолында кездескен сан – түрлі қиындықтар, жаттықтырушы ретінде – мені, спортшыларды   сындырмады, тек – қайрай түсті,жігерлендірді. Өздеріңіз көріп тұрғандай, адал еңбектің нәтижесі белгілі  болды -  біз жеңдік!» - деп  арбамен билеуден ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Алия Тусупбекова өз ойын жеткізді. Айта кетсек, пара биден әлем чемпионаты  Италияның Генуя қаласында 24-27 қараша аралығында өтті. Жарыста 24 елдің спортшылары бақ сынады.

Жаңалықпен бөлісу

Пайдалы сілтемелер

Паралимпиада спортының барлық жаңалықтары Сурдлимпиада спортының барлық жаңалықтары IWAS барлық жаңалықтары