Пара дзюдодан лицензиялық Гран-При нәтижелері

Пара дзюдодан лицензиялық Гран-При нәтижелері

2019 жылғы 13-14 мамыр аралығында Баку қаласындағы (Әзірбайжан) Гейдар Алиев атындағы спорт кешенінде пара дзюдодан 2019 жылғы  Гран-При IBSA халықаралық турнирі өтті. Ол 2019-2020 жылдары өтетін төрт Гран-При сериясына кіреді. Турнирге әлемнің 36 елінен 240-тан астам дзюдоист қатысты. Қазақстан атынан төрт салмақ дәрежесі бойынша 7 спортшы өнер көрсетті. Қызылорда облысының спортшысы әлем чемпионы Оразалыұлы Олжас 60 кг-ға дейінгі салмақ дәрежесінде қола медальды жеңіп алды. Токио-2020-да біліктілік ұсынудан бөлек, жарыс сондай-ақ осы жылы өтетін өңірлік Чемпионаттарға дайындықтың маңызды бөлігі болып саналады. [gallery columns="2" link="file" size="medium" ids="4132,4131,4130,4129,4128,4127"]

Жаңалықпен бөлісу

Пайдалы сілтемелер

Паралимпиада спортының барлық жаңалықтары Сурдлимпиада спортының барлық жаңалықтары IWAS барлық жаңалықтары