14-16 қараша аралығында Ақтөбеде пара дзюдодан Қазақстан Республикасының Кубогы өтті. Жарысқа еліміздің 10 өңірінен 75 спортшы қатысты. Спортшылар J1 және J2 санатында сынға түсті. Жалпы командалық есепте: 1 орын - Алматы облысы; 2 орын - Қостанай облысы; 3 орын - Түркістан облысы. 
