Гейдельберг қаласында өткен пара дзюдодан әлемдік гран-при сериясында қазақстандық спортшылар 2 «алтын» және 3 «қола» медаль жеңіп алды. Финалдық белдесуде -48 кг (J2) салмақта Ақмарал Науатбек Қытай спортшысы Ли Ликингті иппонмен, ал +70 (J2) салмақта белдескен Зарина Раифова кубалық спортшы Шейла Самарианды вазари әдісімен жеңіп, еліміздің қоржыны қос алтынмен толықты. Онымен қатар, -73 кг (J1) салмақта Ерғали Шамей, +90 (J2) кг салмақта Журкамырза Шукурбеков және -70 кг (J2) салмақта өнер көрстекен Аяла Мереке жарыстың қола жүлдегерлері атанды. Айта кетсек, пара дзюдодан гран-при жарысы ақпанның 17-18 аралығында Германияда өтті. Жарысқа 47 мемлекеттен 200-ден астам спортшы қатысты.