Пара оқ атудан әлем чемпионаты: Қазақстан қоржынына қола медаль

Пара оқ атудан әлем чемпионаты: Қазақстан қоржынына қола медаль

Бүгін, 10-шы қыркүйекте Оңтүстік Кореяның Хангвон қаласында пара оқ атудан Әлем чемпионатында командалық жарыста Қазақстан командасы  R1  дисциплинасында 10 м пневматикалық винтовкада  Еркін Габбасов,Арсен Муратов және Ардак Оторбаева 1854.4 ұпай жинап, жарыстың қола жүлдегерлері атанды. Бірінші орынды Корея (1867.1 ұпай), ал екінші орынды Үндістан құрамасы  (1856.3 ұпай) алды.

Айта кетейік, тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар арасында пара оқ атудан Әлем чемпионаты 10-15 қырүйек аралығында өтуде. Жарысқа 53 елден 350-ге жуық  спортшы қатысады. Аталмыш бәсекеде ел намысын Севда Алиева, Айгерим Тулегенова, Никита Ермаков, Анна Довгелеевич, Жұлдыз Бухарбаева, Айсұлу Мукашбекова  және Александр Пасхалиди  қорғайды.

Пара оқ атудан әлем чемпионаты: Қазақстан қоржынына қола медаль

Жаңалықпен бөлісу

Пайдалы сілтемелер

Паралимпиада спортының барлық жаңалықтары Сурдлимпиада спортының барлық жаңалықтары IWAS барлық жаңалықтары