1-8 қазан аралығында Александрия қаласында (Мысыр) көру қабілеті төмен спортшылар арасында пара пауэрлифтингтен IBSA әлем чемпионаты өтті. Жарысқа 8 мемлекеттен 50-ден астам спортшы қатысты. Чемпионаттың нәтижесі бойынша Қазақстан құрамасы 14 медальға қол жеткізді: 4 «алтын», 6 «күміс» және 4 «қола».
- Мадьяр Жанысбаев (60 кг дейін)
- ардагерлер арасында: үшсайыстан 1 орын және жатып сығымдап көтеруден 1 орын. -ересектер арасында: үшсайыстан 2 орын және жатып сығымдап көтеруден 2 орын.
- Михаил Ткач (56 кг дейін)
-ересектер арасында: үшсайыстан 2 орын және жатып сығымдап көтеруден 2 орын.
- Андрей Москалев (82,5 кг дейін)
-ардагерлер арасында: үшсайыстан 1 орын және жатып сығымдап көтеруден 1 орын. -ересектер арасында: үшсайыстан 3 орын және жатып сығымдап көтеруден 3 орын.
- Асимжан Хапузов (82,5 кг дейін)
-ардагерлер арасында: үшсайыстан 2 орын және жатып сығымдап көтеруден 2 орын.
- Данияр Абильханов (110 кг дейін)
-ересектер арасында: үшсайыстан 3 орын және жатып сығымдап көтеруден 3 орын.
- Канатбек Санжар (до 75 кг)
- ересектер арасында: үшсайыстан 2 орын және жатып сығымдап көтеруден 3 орын.
- Коновалов Игорь (до 100 кг)
- ересектер арасында: жатып сығымдап көтеруден 2 орын. - ардагерлер арасында: үшсайыстан 2 орын және жатып сығымдап көтеруден 2 орын. «Қазақстандық спортшылар үшін пара пауэрлифтингтен әлем чемпионаты сәтті өтті. Жарысқа елімізден 8 спортшы қатысып, жетеуі жүлделі орынға ие болды», - деді Дене мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының команда басшысы Ұлан Ануар.