Пара садақ атудан жабық алаңдағы Қазақстан чемпионаты басталды

Пара садақ атудан жабық алаңдағы Қазақстан чемпионаты басталды

Шымкент қаласында пара садақ атудан жабық алаңдағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өз бастауын алды. Жарысқа Астана, Алматы және Шымкент қалалары мен Алматы, Батыс Қазақстан, Жетісу және Павлодар облыстарынан 50-ден астам спортшы қатысуда. Спортшылар жекелей және командалық сында классикалық және блоктық садақ ату дисциплиналары бойынша, сондай-ақ W1 (ТҚАЗ) және VI (көру қабілеті бұзылған) кластарында бақ сынайды. «Жабық алаңда пара садақ атудан Қазақстан Республикасының чемпионаты жыл сайын ұйымдастырылады. Бұл – тек қыс мезгілінде өтетін дәстүрлі жарыстардың бірі. Жабық алаңда ату дистанциясы 18 метр болса, ашық алаңда 50-70 метрлік қашықтықты қамтитын Паралимпиадалық дисциплина болып табылады. Қыс мезгілінде ұйымдастырылатын бұл чемпионат тек мықтыларды анықтап қана қоймай, жас спортшылардың тәжірибе жинақтауына, ал тәжірибелі мергендердің шеберлігін шыңдауына серпін береді», – деді Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының пара садақ атудан команда басшысы Ерлан Суйеуов. Айта кетейік, пара садақ атудан жабық алаңдағы Қазақстан Республикасының чемпионаты ақпанның 11–16-сы аралығында өтеді.

Жаңалықпен бөлісу

Пайдалы сілтемелер

Паралимпиада спортының барлық жаңалықтары Сурдлимпиада спортының барлық жаңалықтары IWAS барлық жаңалықтары