Щучинск қаласында пара шаңғы және биатлоннан оқу-жаттығу жиындарының 1-ші кезеңі өткізілуде. Оқу-жаттығу жиындары, шаңғы және биатлон жарысының аға жаттықтырушылары Василий Коломиец, Евгений Рыбинцев және Антон Ждановичтің басшылығымен өтуде.
- «Шаңғышылардың жазғы оқу-жаттығу жиындары екі кезеңде өтеді. Қазір бізде бірінші кезең өтіп жатыр. Жазда біз төзімділікті, физикалық күш қуатты артырып, жылдамдықты жақсарту үшін жұмыс жасаймыз. Жалпы аэробты төзімділік шаңғы жарысының негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Оны дамыту көп уақытты қажет етеді. Бұл оқу-жаттығу кезеңінің негізгі приоритетті бағыты», - деді жаттықтырушы Антон Жданович.
Жиында Александр Герлиц, Ербол Хамитов, Денис Петренко, Сергей Усольцев, Қайрат Қанафин, Юрий Березин, Владимир Стасюк, Нұрлан Алимов және Владимер Бойко сынды шаңғышылар дайындалуда. Дайындық мамырдың 29-на дейін жалғаспақ. Еске сала кетсек, биыл 2022 жылғы Бейжинде өткен XIII қысқы Паралимпиада ойындарында пара биатлоннан түрегеп сырғанауда шыңғышымыз Александр Герлиц қола жүлдеге ие болған. Дайындық басты серіктес «SportQory» қолдауымен өтті.
