28 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Якушицеде (Польша) тірек-қимыл аппараты мен көру қабілеті зақымданған спортшылар арасында пара шаңғы жарысынан Әлем кубогының кезеңінде Ербол Хамитов (LW12) 6 км қашықтықта және 1 км спринттік жарыста қос күміс медаль еншіледі.
«Пара шаңғы жарысы мен пара биатлоннан 2025-2026 маусымның Әлем кубогы кезеңдері аяқталды. Биыл бұл спорт түрлерінен жалпы 4 жарыс өтті. Пара шаңғы жарысы мен пара биатлоннан өткен бәсекелер спортшыларға Милан-Кортина-2026 XIV қысқы Паралимпиада ойындарына қатысу үшін қажетті рейтингтік ұпайларды жинауға мүмкіндік берді. Биылғы жарыс маусымында Ербол Хамитов пара шаңғы жарысынан 2 күміс, ал пара биатлоннан 2 қола медаль иеленді. Аталған жарыстарда Қазақстан ұлттық құрамасының сапында Александр Герлиц, Сергей Усольцев, Нурлан Алимов, Юрий Березин, Владислав Кобаль, Роман Курбанов, Анна Грачова және Денис Зинов те өнер көрсетті. 

Жақын арада XIV қысқы Паралимпиада ойындарының алдында ұлттық құраманың спортшылары екі оқу-жаттығу жиынына аттанады. Олар 9-18 ақпан аралығында Обертиллиахта (Австрия) және 18 ақпан мен 4 наурыз аралығында Санкт-Морицте (Швейцария) өтеді. Осы жиындардан кейін төртжылдықтың басты межесі – Милан-Кортина-2026 XIV қысқы Паралимпиада ойындары күтіп тұр. Құраманың басты мақсаты – осы ойындарға жолдама алып, жоғары деңгейде өнер көрсету»,-деді пара шаңғы жарысы мен пара биатлоннан бас жаттықтырушы Василий Коломиец. Айта кетсек, Милан-Кортина-2026 XIV қысқы Паралимпиада ойындары 6-15 наурыз аралығында өтеді.