Пара шаңғышы Ербол Хамитов  әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды

Пара шаңғышы Ербол Хамитов әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды

Ербол Хамитов әлем чемпионатында пара биатлоннан 7,5 қашықтықты 25:07,3 уақытта бағындырып, қола жүлдеге ие болды. Жарыста канадалық спортшы Кэмерон Коллин  24:14,3 уақытта мәреге бірінші болып жетсе,  АҚШ спортшысы Арон Пике  24:54,4 уақытымен екінші орынды еншіледі. Айта кетсек, пара шаңғы және пара биатлоннан әлем чемпионаты Швецияның Эстерсунд қаласында 21-29 каңтар аралығында өтеді. Жарыста 18 мемлекеттен 102 спортшы өнер көрсетеді. Қазақстан құрамасы сапында 7 спортшы ел намысын қорғауда: Герлиц Александр, Хамитов Ербол, Петренко Денис, Усольцев Сергей, Березин Юрий, Зинов Денис және Алимов Нурлан.

Жаңалықпен бөлісу

Пайдалы сілтемелер

Паралимпиада спортының барлық жаңалықтары Сурдлимпиада спортының барлық жаңалықтары IWAS барлық жаңалықтары