Пара шаңғышы Ербол Хамитов әлем чемпионатында  үшінші медалін жеңіп алды

Пара шаңғышы Ербол Хамитов әлем чемпионатында үшінші медалін жеңіп алды

Ербол Хамитов әлем чемпионатында пара биатлоннан 12,5 қашықтықты 41:37,9 уақытта бағындырып, қола жүлдеге ие болды. Жарыста АҚШ спортшысы Арон Пайк 41:26,8 уақытта мәреге бірінші болып жетсе,  неміс спортшысы Скот Минах   41:32,9 уақытымен екінші орынды еншіледі. Бұған дейін Ербол Хамитов әлем чемпионатында пара биатлоннан 7,5 қашықтықта қола жүлдеге, ал спринт жарысында алтын медальға қол жеткізген болатын. Айта кетсек, пара шаңғы және пара биатлоннан әлем чемпионаты Швецияның Эстерсунд қаласында 21-29 каңтар аралығында өтуде. Жарыста 18 мемлекеттен 102 спортшы өнер көрсетуде.

Жаңалықпен бөлісу

Пайдалы сілтемелер

Паралимпиада спортының барлық жаңалықтары Сурдлимпиада спортының барлық жаңалықтары IWAS барлық жаңалықтары