Пара шаңғышылар әлем Кубогының 1-ші кезеңін аяқтады

Пара шаңғышылар әлем Кубогының 1-ші кезеңін аяқтады

24-27 қаңтар аралығында Италияның Тоблах қаласында пара шаңғы жарысынан әлем Кубогының алғашқы кезеңі өтті.  Байрақты бәсекеге 18 мемлекеттен 160-тан астам спортшы қатысты. Жарыс нәтижесінде ел құрамасы 365 ұпай жинап,  2023-2024 жылғы  қысқы кезеңнің рейтингісі бойынша 19 мемлекеттің ішінде 12-ші орынға шықты. Ұлттық құрама сапында 7 спортшы өнер көрсетті: 1 Хамитов Ербол 2 Герлиц Александр 3 Усольцев Сергей 4 Березин Юрий 5 Алимов Нурлан 6 Зинов Денис 7 Грачева Анна Алдағы уақытта 31 қаңтар мен 4 ақпан аралығында Италияның Мартель қаласында Әлем Кубогының 2-ші кезеңі өтеді. Одан бөлек  5-10 наурыз аралығында Канаданың Принс-Джордж қаласында әлем чемпионаты бар. Осы қалада 13-17 наурыз аралығында әлем Кубогының 3-ші кезеңі өтеді. Аталған жарыстардың қортындысына сәйкес 2023-2024 жылғы  қысқы кезеңнің үздік командалары анықталатын болады. Еске сала кетсек, 2022-2023 жылғы қысқы кезеңде ұлттық құрама 13 медаль (2 алтын, 5 күміс және 6 қола) еншілеп, әлемнің үздік бестігінен көрінді.

Жаңалықпен бөлісу

Пайдалы сілтемелер

Паралимпиада спортының барлық жаңалықтары Сурдлимпиада спортының барлық жаңалықтары IWAS барлық жаңалықтары