2022 жылдың 08-11 шілде аралығында АҚШ-тың Сент-Луис қаласында пара пауэрлифтингтен Американың Парапан ашық чемпионаты өтеді. Жарысқа 27 елден 150-ден астам спортшы қатысады. Қазақстан намысын 4 спортшы қорғайды:
- Кәрібай Ерболат;
- Тен Максим;
- Жүнісов Медет;
- Жұманов Асхат.
Бұл чемпионат 2024 жылғы Паралимпиада ойындары алдындағы рейтиннтік жарыс болып келеді. Спортшыларымызға сәттілік тілейміз!