Пара таеквондошылар Манчестерде 3 жүлде жеңіп алды

Пара таеквондошылар Манчестерде 3 жүлде жеңіп алды

Ұлыбританияның Манчестер қаласында 17-21 қазан аралығында пара таеквондодан әлемдік Гран-при сериясының жарыстары өтті. Байрақты бәсекеде қазақстандық спортшылар Нұрлан Домбаев (-80 кг) пен Нышан Өмірәлі (+80 кг) күміс медаль иеленсе, ал Кәмиля Досмалова 57 кг дейінгі салмақта қола жүлдегер атанды. «Пара таеквондодан әлемдік Гран-при серия жарыстарының бұл үшінші кезеңі. Алғашқы кезең Болгарияда өтсе, екінші кезең Францияда өткен болатын. Қазақстандық спортшылар үш кезеңнен сүрінбей өтіп, жүлделі орындарға ие болды. Айта кетсек, пара таеквондодан Гран-при жарыстарына тек әлемнің үздік спортшылары қатыса алады», - деді Дене мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының команда басшысы Мерей Бигарин.

Жаңалықпен бөлісу

Пайдалы сілтемелер

Паралимпиада спортының барлық жаңалықтары Сурдлимпиада спортының барлық жаңалықтары IWAS барлық жаңалықтары