Паттайя (Таиланд) қаласында 18-21 шілде аралығында пара үстел теннисінен ашық турнир өтеді. Жарыста 18 мемлекеттен 100-ге жуық спортшы өнер көрсетеді. Қазақстан намысын үш спортшы қорғайды: 1.Эрекеев Талгат (9 класс); 2.Оразбек Азамат (7 класс); 3.Бадуова Эльдана (9 класс).
| Жарыс кестесі | ||
| Күні | Уақыты | Спортшы |
| 18 шілде | 18:15 | Эрекеев Талгат |
| 19 шілде | 7:30 | Бадуова Эльдана |
Айта кетсек, бұл жарыс 2024 жылғы Паралимпиада ойындарының алдындағы рейтингтік турнир болып келеді. Жарыстың интерактивті сүйемелденуін онлайн түрде келесі сілтеме арқылы бақылауға болады: https://results.ittf.com/ittf-web-results/html/TTE5355/results.html#/results/2022-07-18 Спортшыларымызға сәттілік тілейміз!
