Пара велошабандоздар Азия чемпионатына  дайындалуда

Пара велошабандоздар Азия чемпионатына дайындалуда

Түркияда пара велоспорттан ұлттық құрама спортшылары  Азия чемпионаты алдында оқу-жаттығу жиындарынан өтуде. «Азия чемпионаты Таиланд елінде өтеді.  Спортшыларымыз  1-15 ақпанда аралығында шосседегі жарыста бақ сынаса,  20-27-ші  ақпан аралығында тректегі жарыста өнер көрсетеді.  Қазіргі таңда 6 спортшыларымыз  күнделікті жаттығуларын жоспарға сәйкес орындауда. Дайындықтың циклінде – бір күн жеңіл жаттығуларға назар салсақ, келесінде күрделі жаттығуларға көңіл бөлеміз. Тандемдік дисциплинада  стокерлер мен пилоттардың өзара әрекеттесуі маңызды болғандықтан, әр жұпқа тиісті дайындық бағыттары қойылуда. Оқу-жаттығу жиындары 1-ші ақпанға дейін жалғасады», - деді Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының пара велоспорттан аға жаттықтырушысы Кирилл Казанцев. Еске сала кетсек, былтыр Алматы қаласында өткен пара велоспрттан Азия чемпионатында ел спортшылары 2 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль еншілеген болатын.

Жаңалықпен бөлісу

Пайдалы сілтемелер

Паралимпиада спортының барлық жаңалықтары Сурдлимпиада спортының барлық жаңалықтары IWAS барлық жаңалықтары