Пара велошабандоздар Азия чемпионатында жеңіске жетті

Пара велошабандоздар Азия чемпионатында жеңіске жетті

Тректегі пара велоспорттан Азия чемпионатында ел спортшылары Кирилл Ильюкевич (стокер) пен Антон Лаврентьев (пилот) 4 км қашықтықты 4:36.708 уақытта өтіп, жеңімпаз атанды. Екінші және үшінші орындар малайзиялық спортшыларға бұйырды. Әйелдер арасында тандемдегі  жарыста  Жұлдыз Кайнарова (стокер) мен Полина Братчикова (пилот) қашықтықты 3:55.816 уақыт нәтижесімен өтіп, күміс медальға ие болды. Бұдан бұрын, жарыстың алғашқы күнінде ел спортшылары командалық спринтте қола жүлдені еншілеген болатын. Айта кетсек, пара велоспорттан тректегі Азия чемпионаты Малайзия елінде  27-ші  ақпанға дейін жалғасады. Жарыста 16 мемлекеттен 250-ден астам спортшы өнер көрсетуде. Қазақстан тарапынан 6 спортшы бақ сынауды.

Жаңалықпен бөлісу

Пайдалы сілтемелер

Паралимпиада спортының барлық жаңалықтары Сурдлимпиада спортының барлық жаңалықтары IWAS барлық жаңалықтары