2025 жылы паралимпиадалық, паралимпиадалық емес және сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша штаттық және ұлттық құрама командалардың спортшылары халықаралық жарыстарға қатысуға бағытталған дайындық жұмыстарын жүргізді. Дайындық жұмыстары 2025 жылға арналған спорттық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына және қаржылық күнтізбеге сәйкес жүзеге асырылды.
2025 жылы 67 оқу-жаттығу жиыны өтті. Оның ішінде Қазақстан аумағынан тыс – 22, ал Қазақстан аумағында – 45 оқу-жаттығу жиыны ұйымдастырылды.