Павлодар қаласында  пара үстел теннисінен ел біріншілігі басталды

Павлодар қаласында  пара үстел теннисінен ел біріншілігі басталды

Павлодар қ. тірек-қимыл аппараты зақымданған жастар арасында пара үстел теннисінен ел біріншілігі өз бастауын алды. Жарысқа Астана қаласы мен Атырау, Жетісу, Қостанай, Қызылорда, Алматы, Түркістан және Павлодар облыстарының командалары қатысуда. «Пара үстел теннисінен Қазақстан Республикасының чемпионаты 2004 жылғы және одан кіші жастар арасында жекелей, жұптық және  аралас жұптық ойын түрлері бойынша өтуде. Аталған бәсекенің басты мақсаты – жас буын арасынан мықтыларды анықтап, үздік спортшыларды  пара үстел теннисінен Қазақстан командасының қатарына іріктеу. Алдағы жарыс күндерінде өнер көрсететін барлық спортшыларға сәттілік тілейміз», - деді Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының пара үстел теннисінен команда басшысы Ерлан Дусмаилов. Айта кетейік, пара үстел теннисінен жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты 12 сәуірге дейін жалғасады.

Жаңалықпен бөлісу

Пайдалы сілтемелер

Паралимпиада спортының барлық жаңалықтары Сурдлимпиада спортының барлық жаңалықтары IWAS барлық жаңалықтары