Павлодар қаласында есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында жүзуден Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Спортшылар жас ерекешілктеріне сәйкес 4 топқа бөлінді және командалық есепте жүлделі орындар келесідей анықталды: 2008 жылғы және одан жоғарғы ерлдер мен әйелдер арасында: 1-ші орын - Карағанды облысы 10 алтын, 4 күміс, 1 қола; 2-ші орын - Алматы қаласы 8 алтын, 1күміс,7 қола; 3-ші орын – Астана қаласы 3 алтын, 11 күміс, 7 қола. 2011-2009 жылғы жастар арасында: 1-ші орын – Жамбыл облысы 8 алтын және 5 күміс; 2-ші орын – Шымкент қаласы 6 алтын және 3 күміс; 3-ші орын – Алматы қаласы 3 алтын, 1 күміс, 3 қола. 2013-2012 жылғы жастар арасында: 1-ші орын – Қарағанды облысы 8 алтын, 2 күміс, 1 қола; 2-ші орын – Шымкент қаласы 2 алтын, 2 күміс және 2 қола; 3-ші орын – Алматы қаласы 2 алтын және 2 күміс. 2014 жылғы жастар арасында: 1-ші орын – Астана қаласы 4 алтын және 3 қола; 2-ші орын – Қарағанды облысы 4 алтын, 1 күміс, 2 қола; 3-ші орын – Ақмола облысы 2 алтын. Айта кетсек, жарыс 4-9 сәуір аралығында өтті. Чемпионатқа еліміздің 12 өңірінен 100-ден астам спортшы қатысты. 




