Павлодарда таеквондодан оқу-жаттығу жиындары өтуде

Павлодарда таеквондодан оқу-жаттығу жиындары өтуде

Павлодарда есту қабілеті төмен спортшылар арасында таеквондодан оқу-жаттығу жиыны өтуде. Жаттығулардың басты мақсаты, биыл қараша айында Иранда өтетін әлем чемпионаты алдында спортшыларды дайындау. Оқу-жаттығуға еліміздің өңірлерінен келген 10 үздік спортшы қатысуда. Оның ішінде 2017 жылғы Сурдлимпиада ойындарының чемпионы, таеквондошы Аян Әбдіраш те бар. Айта кетейік, оқу-жаттығу жиыны қазан айының 1-нен басталып, ағымдағы айдың 14-не дейін жалғаспақ.

Жаңалықпен бөлісу

Пайдалы сілтемелер

Паралимпиада спортының барлық жаңалықтары Сурдлимпиада спортының барлық жаңалықтары IWAS барлық жаңалықтары