2019 жылғы 12-14 сәуір аралығында Варшава қаласында (Польша) Есту қабілеті төмен балалар мен жастар арасында жүзуден II халықаралық кездесу өтті. Біздің Орталықтың жүзуден спортшысы – Жолашар Ернұр 200 м қашықтыққа кешендік жүзуден 3-орынды жеңіп алды. Аталған кездесуге 9 елден 150 спортшы, 14 команда қатысты, 238 медаль ойнатылды. Жарыстарда Белоруссия, Польша және Украина командалары үздік болды. [gallery link="file" ids="4095,4096,4097"]