Қазақстан құрамасы  пара хоккейден әлем чемпионатында  өз позициясын  сақтап қалды

Қазақстан құрамасы пара хоккейден әлем чемпионатында өз позициясын сақтап қалды

2024 жылғы 15-20 сәуір аралығында Шиен қаласында (Норвегия) пара хоккейден әлем чемпионаты өтті (В тобы). А тобына кіру үшін алты елдің ұлттық құрамалары кездесті: Қазақстан, Ұлыбритания, Германия, Норвегия, Франция және Швеция. Чемпионат қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 4-ші орынға ие болып, В тобында өз орнын сақтап қалды. «Жарыс ережесі бойынша  алғашқы екі орынды иеленген екі команда А тобына өтсе, соңғы орын алған команда С тобына ауыстырылады. Біздің команда Швеция командасына 1:3, Германияға 1:12 және Норвегияға 0:7 есебімен жеңілсе,  Ұлыбритания командасын 8:3 және Францияны 7:0 есебімен сенімді  жеңіске жетті», - деді Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық  даярлау орталығының команда басшысы  Қайрат Сабиров.

Жаңалықпен бөлісу

Пайдалы сілтемелер

Паралимпиада спортының барлық жаңалықтары Сурдлимпиада спортының барлық жаңалықтары IWAS барлық жаңалықтары