Қазақстандық Бахтияр Қасенов жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында күміс медальды жеңіп алды

Қазақстандық Бахтияр Қасенов жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында күміс медальды жеңіп алды

23-28 тамыз аралығында Польшаның Люблин қаласында есту қабілеті төмен спортшылар арасында жеңіл атлетикадан IV Әлем чемпионаты өтті. Оған әлемнің 20 елінен 100-ден астам спортшы қатысты. Қашықтығы 10000 метр болатын спорттық жүруде 37 жастағы Бахтияр Қасенов Кения, Польша, Ирак елдерінен қатысқан қарсыластарын артта қалдырып, 25 жастағы жас испандыққа есе жіберіп, екінші орынды иеленді. Желесіміз  қашықтықты 1 сағат 3 минут 23 секундта бағындырып, нәтижесінде өз жеке рекордын жаңартты. Бақтиярдан басқа чемпионатта жеңіл атлеттер Владимир Беккер, Фархат Кустаубаев, Ерлан Суйвалиев, Нұрсұлтан Күлдиев, халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері Яна Серебрикова мен Ольга Хижникова, спорт шеберлері Анастасия Соловьева мен Елена Путинцовалар өнер көрсетіп, жақсы көрсеткіштермен ерекшеленді. [gallery columns="9" link="file" size="medium" ids="5010,5009,5008,5007,5006,5005,5004,5003,5002,5001,5000,4999,4998,4997,4996,4995,4994"]

Жаңалықпен бөлісу

Пайдалы сілтемелер

Паралимпиада спортының барлық жаңалықтары Сурдлимпиада спортының барлық жаңалықтары IWAS барлық жаңалықтары