Қазақстандық кадеттер грек-рим күресінен есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында әлем чемпионатында жеңіске жетті

Қазақстандық кадеттер грек-рим күресінен есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында әлем чемпионатында жеңіске жетті

Бішкекте грек-рим күресінен есту қабілеті зақымданған кадеттер арасында әлем чемпионаты  өтті. Жарысқа 16 мемлекеттен 160-тан астам спортшы қатысты. Қазақстандық палуандар әлем чемпионатында 3 «алтын», 2 «күміс» және 1 «қола» медальді еншіледі: 1 орын -  Сейткерім Дамир  (48 кг); 1 орын - Жолдақан Ердаулет (55 кг); 1 орын - Мұстафаұлы Жандос (60 кг); 2 орын - Омар Жасұлан (65 кг); 2 орын - Жылқышыбай Айқын (71 кг); 3 орын - Камидин Рүстем (51 кг). Сондай-ақ, командалық есепте Қазақстан құрамасы 1-ші орынды, Қырғызстан 2-ші орынды және Армения 3-ші орынды иеленді. Айта кетсек, Бішкекте грек-рим күресінен есту қабілеті зақымданған кадеттер арасында әлем чемпионаты 2-3 қыркүйек аралығында өтті. Әлем чемпионаты 4-6 қыркүйек аралығында  жастар және ересектер арасында жалғасатын болады. Ал,  7-11 қыркүйек аралығында спортшылар еркін күрестен өнер көрсетеді.

Жаңалықпен бөлісу

Пайдалы сілтемелер

Паралимпиада спортының барлық жаңалықтары Сурдлимпиада спортының барлық жаңалықтары IWAS барлық жаңалықтары