Қазан айының 8-10 аралығында Польшаның Ломянка қаласында пара-бидиен Халықаралық ашық чемпионат өтті. Жарысқа әлемнің 16 елінен 120-дан астам биші қатысты. Қазақстан командасын 15-тен астам спортшы таныстырды. Жарыс 7 бағдарлама бойынша өтті: комби еуропалық, комби латина, комби фристайл, сингл, сингл жастар, сингл еркін және дуо фристайл. Қазақстандық пара-бишілер ерлер мен әйелдер арасында әр түрлі номинациялар бойынша және жұптық бағдарламалар бойынша бірінші, екінші және үшінші жүлделі орындарға ие болды. [gallery columns="9" link="file" size="medium" ids="5125,5124,5123,5122,5121,5120,5119,5118,5117,5116,5115,5114,5113,5112,5111,5110,5109,5108,5107"]