24-25 наурыз аралығында Тбилисиде (Грузия) көру қабілеті зақымдалған спортшылар арасында пара дзюдодан әлем кубогы сарапқа салынды. Айтулы додаға 19 елден 127 татами шеберлері қатысты. Жарыстың алғашқы күні қазақсандық пара спортшылар Ақмарал Науатбек (J2 48 кг) пен Альфия Тлекқабыл (J1 52 кг ) жеңімпаз атанды, ал Ғалымжан Смағұлұлы (J2 81 кг) күміс медальға ие болды. Ертең, 25 наурызда Ерлан Утепов (J1+95 кг) , Талғат Ажгалиев(J2+95 ), Бағланбек Оңалбек (J1+95 кг) пен Абылай Әділбеков (J1 +95 кг) сынға түсетін болады. 


