Қазақстандық пара спортшы Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды

Қазақстандық пара спортшы Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды

Пара садақ атудан Азия чемпионатында қазақстандық  спортшы Нұршат Төлеуқасым W1 классында 50 м қашықтықта 129 ұпай жинап, қола жүлдеге ие болды. Осы класста бірінші орынды қытай елінің спортшысы Чжан Тяньсин, ал екінші орынды тайландттық Самутчайякул Супхават еншіледі. « Бұл жүлде — пара садақ атудан Азия чемпионатындағы жекелей сындағы алғашқы медаль. Жарыс олимпиадалық айналым жүйесі бойынша өтті. Осындай додада еліміздің спортшысы жүлдегер атануы қуантады»,-деді Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғалаларға арналған спорттық даярлау орталығының пара садақ атудан команда басшысы Ерлан Суеуов. Айта кетейік, Азия чемпионаты 31 маусым мен 7 шілде аралығында Бейжін қаласында (Қытай) өтті. Сары құрлықтың додасына 13 мемлекеттен 100-ге жуық спортшы сынға түсті.Қазақстан тарапынан Арлан Атейбеков, Сағдат Дүйсембаев, Александр Медведев, Александр Рябов және Қайрат Сәркұлов ел намысын қорғады.  

Жаңалықпен бөлісу

Пайдалы сілтемелер

Паралимпиада спортының барлық жаңалықтары Сурдлимпиада спортының барлық жаңалықтары IWAS барлық жаңалықтары