Қазақстандық пара спортшы халықаралық турнирде жүлделі орынға ие болды

Қазақстандық пара спортшы халықаралық турнирде жүлделі орынға ие болды

13-16 қыркүйек аралығында Бразилияның Сан-Паулу қаласында пара таеквондодан  III Панамерика ашық турнирі өтті. Жарысқа әлемнің 12 мемлекетінен 75-тен астам спортшы қатысты. Қазақстандық пара таеквондошы Кәмиля Досмалова  -57 кг салмақта К-44 классында өнер көрсетіп, жарыста қола медальді жеңіп алды. «Еліміздің пара таеквондошылары ірі халықаралық жарыстарда жақсы өнер көрсетуде. Париж-2024 Паралимпиада ойындарына жолдама алу үшін барлық санаттар бойынша рейтинг жинау біздің басты мақсат болып табылады. Алдағы уақытта G-6 санатында Англияда өтетін  биылғы жылдың соңғы Гран-При жарыстарына қатысу жоспарда бар. Бұл жарыста  спортшылармыз лайықты өнер көрсетіп, үздіктер қатарынан көрінеді деген ойдамын», - деді Дене мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының команда басшысы Мерей Бигарин.

Жаңалықпен бөлісу

Пайдалы сілтемелер

Паралимпиада спортының барлық жаңалықтары Сурдлимпиада спортының барлық жаңалықтары IWAS барлық жаңалықтары