Қазақстандық пара спортшы жеңіл атлетикадан әлемдік Гран-при сериясында жеңіске жетті

Қазақстандық пара спортшы жеңіл атлетикадан әлемдік Гран-при сериясында жеңіске жетті

Пара жеңіл атлетикадан әлемдік Гран-При сериясында қазақстандық Руфат Хабибуллин F-64 классында  найза лақстырудан  41,83 м қашықтықты көрсетіп, алтын медальді жеңіп алды. Екінші орынан Камерун спортшысы 40,93 м нәтижесімен көрінді, үшінші орын  32,71 м көрсеткішімен  Маврикий спортшысына бұйырды. Бұдан бұрын, ядро итеруден қазақстандық Дастан Мукашбеков  Гран-придің күміс жүлдегері атанған болатын. Айта кетсек, пара жеңіл атлетикадан әлемдік Гран-При сериясы Дубай қаласында 26 ақпан мен 1 наурыз аралығында өтуде. Жарысқа әлемнің 61 мемлекетінен 545 спортшы қатысуда.

Жаңалықпен бөлісу

Пайдалы сілтемелер

Паралимпиада спортының барлық жаңалықтары Сурдлимпиада спортының барлық жаңалықтары IWAS барлық жаңалықтары