Черногорияның Подгорица қаласында пара үстел теннисінен өткен ITTF World Para Challenger Podgorica 2025 әлемдік сериясында қазақстандықтар 3 қола медаль еншіледі. Аралас жұптық сайыста Александра Степанова мен Ерлан Казиев, сондай-ақ Алтынай Ержанқызы мен Талғат Эрекеев қола жүлдегер атанды. Бұған қоса, әйелдер арасындағы жұптық санатында Сәуле Айдарханова мен Александра Степанова үздік үштікке енді. Айта кетсек, World Para Challenger Podgorica 2025 әлемдік сериясы 29-шы сәуір мен 3-ші мамыр аралығында өтті. Жарысқа 28 мемлекеттен 140-тан астам спортшы қатысты. 




[caption id="attachment_11519" align="alignnone" width="2560"]
DRAGAN B. NIKOLIC +382 69 285 079[/caption] [caption id="attachment_11520" align="alignnone" width="2560"]
DRAGAN B. NIKOLIC +382 67 32 44 55[/caption]