Пара дзюдодан Бразилияның Сан-Паулу қаласында өткен әлемдік Гран-при сериясында отандастарымыз 2 алтын, 2 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды. Ерлер арасында J2 классында +95 келі салмақта Жұрқамырза Шүкірбеков финалдық белдесуде Бразилия спортшысы Суарес Карросаны жеңіп, алтын медальға ие болды. Ал үшінші орынға Германия мен Бразилия спортшылары тұрақтады. J2 классында 81 келі салмақ дәрежесінде іріктеу кезеңінен сүрінбей өткен Бексұлтан Құлмырза мен Ғалымжан Смағұлұлы финалда кездесіп, нәтижесінде Бексұлтан Құлмырза алтын, ал Ғалымжан Смағұлұлы күміс жүлдеге ие болды. J1 классында 95 кг салмақта Ерлан Утепов күміс, ал Абылай Әділбеков қола жүлдегер атанды.
J1 классында 70 келі салмақта Аслан Нурдаулетов қола медаль жеңіп алды. Айта кетейік, жарыс 16-17 желтоқсан аралығында өтті.Жарысқа 25 елден 150-ден астам пара спортшы қатысты.