Қазақстандық пара спортшылар халықаралық жарыста 3 медаль жеңіп алды

Қазақстандық пара спортшылар халықаралық жарыста 3 медаль жеңіп алды

29 қараша күні Бахрейнде пара таеквондодан тірек – қимыл аппараты зақымдалған спортшылар арасында пара таеквондодан ашық чемпионат өтті. Жарыста 14 елден 60 – қа жуық спортшы қатысты.  Аталмыш жарыста ұлттық құраманың пара спортшылары 1 «алтын», 1 «күміс», 1 «қола медаль» еншіледі. «Жарыста Қазақстан тарапынан 5 спортшы сынға түсті. К44 санатында өнер көрсеткен Әлишер Гариполлаев (+80 кг) жарыстың жеңімпазы атанды.  Салимгерей Марьям (-65 кг)күміс медальға қол жеткізсе, Қуандық Сағындық (-70 кг) жарыстың қола жүлдесін еншіледі. Айта кетейік, ұлттық құрама қатарында ел намысын Платон Зобнев (-70 кг) және Бақберген Ғибратжан (-58 кг) қорғады.

Жаңалықпен бөлісу

Пайдалы сілтемелер

Паралимпиада спортының барлық жаңалықтары Сурдлимпиада спортының барлық жаңалықтары IWAS барлық жаңалықтары