Қазақстандық пара спортшылар IWAS-2022 ойындары өтетін Португалияға жетті

Қазақстандық пара спортшылар IWAS-2022 ойындары өтетін Португалияға жетті

Бүгін қазақстандық пара спортшылар ІWAS-2022 дүниежүзілік ойындары өтетін Португалияға жетті. Қазақстан делегациясы құрамындағы 27 спортшы жарыста пауэрлифтинг,  жеңіл атлетика  және жүзу спорт түрлерінен өнер көрсететін болады. Жарысқа 34 мемелкеттен 500-ге жуық спортшы қатыспақ. Ойындардың салтанатты ашылу рәсімі 25 қарашада, ал жарыс  26-28 қараша аралығында өтеді. Жарысқа дейін спортшылар классификациядан өтіп, жарысқа дайындық жұмыстарын өткізетін болады. Айта кетсек, IWAS ойындары – бұл арбаға таңылған  және дене мүмкіндігі шектеулі спортшыларға арналған спорт ойындары болып келеді. Ол әр екі жыл сайын өткізіледі.  Қазіргі таңда IWAS ұйымына 73 мемлекет мүшелік етеді.

Жаңалықпен бөлісу

Пайдалы сілтемелер

Паралимпиада спортының барлық жаңалықтары Сурдлимпиада спортының барлық жаңалықтары IWAS барлық жаңалықтары