Қазақстандық пара таеквондошылар әлемнің финалдық  Гран-приінде жүлдеге ие болды

Қазақстандық пара таеквондошылар әлемнің финалдық Гран-приінде жүлдеге ие болды

Эр-Рияд қаласында (Сауд Арабиясы) пара таеквондодан әлемдік Гран-придің финалдық турнирі мәресіне жетті. Жарысқа 25 мемлекеттен 75 спортшы қатысты. Қазақстандық пара таеквондошы  Нұрлан Домбаев  – 80 кг салмақта және Нышан Өмірәлі +80 кг салмақта  қола медальді жеңіп алды.  Спортшылар К-44 классында өнер көрсетті. «Биылғы жылдың финалдық Гран-приіне әлемнің мықты спортшылары жиналды. Себебі бұл G10 – дәрежесіндегі рейтингтік жарысы болып табылады. Осындай дәрежедегі жарыста орын алу үлкен жетістік. Қазіргі таңда Нұрлан Домбаев әлемдік рейтингте 1 орында тұрса, Нышан Өмірәлі 6 орыннан 4 орынға көтерілді», - деді пара таеквондодан бас жаттықытрушы Нұржан Есілбаев.

Жаңалықпен бөлісу

Пайдалы сілтемелер

Паралимпиада спортының барлық жаңалықтары Сурдлимпиада спортының барлық жаңалықтары IWAS барлық жаңалықтары