Қазақстандық пара таеквондошылар ашық чемпионатта топ жарды

Қазақстандық пара таеквондошылар ашық чемпионатта топ жарды

Оңтүстік Кореяның Чхунчхон қаласында өткен G4-рейтингісі бойынша пара таеквондодан ашық чемпионатта қазақстандықтар 2 алтын және 2 қола медаль еншіледі. Әйелдер арасында қазақстандық Кәмиля Досмалова қарсыластарын шақ келтірмей -57 кг салмақта алтын медальді еншіледі. Күміс жүлдені мексикалық спортшы жеңіп алса, қола жүлде қос өзбекстандық спортшыға бұйырды. Ал, -65 кг салмақта өнер көрсеткен отандасымыз Марьям Салимгереева қола медальғп ие болды. Ерлер арасында қазақстандық Казиев Жанболат -80 кг салмақта Корея, Бразилия және Мексика спортшыларынан асып түсіп, алтын медальға ие болды. Ал, Алишер Гариполлаев +80 кг салмақта жарыстың қола жүлдегері атанды. Айта кетсек, пара таеквондодан ашқы чемпионат 5 шілдеде өтті. Жарысқа 28 мемлекеттен 100-ден астам спортшы қатысты.

Жаңалықпен бөлісу

Пайдалы сілтемелер

Паралимпиада спортының барлық жаңалықтары Сурдлимпиада спортының барлық жаңалықтары IWAS барлық жаңалықтары