Болгарияда пара таеквондодан «София - 2022» Гран-при турнирі басталды. Бұл Париж-2024 Паралимпиада ойындарына квалификациялық жарыс болып табылады. Аталмыш жарысқа әлемнің 25 мемлекетінен 85 спортшы қатысады. Қазақстан тарапынан 4 спортшы қатысады:
- Домбаев Нұрлан (80 кг);
- Өмірәлі Нышан (+80 кг);
- Айдарбеков Нысанбек (-58 кг);
- Досмалова Кәмиля (-57 кг).
Жарысқа спортшылар басты серіктес «SportQory» қолдауымен қатысады. Спортшыларға сәттілік тілейміз!