Қазақстандық пара теннисші Тайландта жеңіс тұғырынан көрінді

Қазақстандық пара теннисші Тайландта жеңіс тұғырынан көрінді

Пара үстел теннисінен ашық турнирде Талғат Эрекеев қола жүлдеге ие болды. Турнирде қазақстандық спортшы аралас жұптық сайыста жапондық Ямазаки Таманомен  бірігіп  өнер көрсетті. XD20 классында спортшылар Тайланд командасын 3:0 есебімен ұтып, жартылай финалда Тайбэй командасына 0:3 есебімен есе жіберді. Айта кетсек, ашық турнир Паттайя қаласында 18-21 шілде аралығында өтті. Жарысқа 18 мемлекеттен 100-ге жуық спортшы қатысты. Бұл байрақты бәсеке  2024 жылғы Паралимпиада ойындарының  рейтингтік турнирі  болып келеді.

Жаңалықпен бөлісу

Пайдалы сілтемелер

Паралимпиада спортының барлық жаңалықтары Сурдлимпиада спортының барлық жаңалықтары IWAS барлық жаңалықтары