Қазақстандық пара теннисшілер Мысырда  11 медаль жеңіп алды

Қазақстандық пара теннисшілер Мысырда 11 медаль жеңіп алды

Гиза қаласында ақпанның 25-27 аралығында пара үстел теннисінен Мысыр елінің Fa 20 ашық чемпионаты өтті. Жарысқа әлемнің 18 мемлекетінен 125 спортшы қатысты. Чемпионатта 14 қазақстандық спортшы өнер көрсетіп 11 медальді еншіледі: 1 «күміс» және 10 «қола».   Жекелей сында келесі спортшылар жүлдегер атанды: Имаков Мади - 3 орын (2 класс); Орынбаева Раушан - 3 орын (7 класс); Махулбеков Али - 3 орын (8 класс); Қанат Усенов - 3 орын (6 класс); Азамат Оразбек - 3 орын (7 класс); Ержанқызы Алтынай - 3 орын  (9 класс); Эрекеев Талғат - 3 орын (9 класс).   Жұптық сында келесі спортшылар жүлдегер атанды: Аралас жұп (XD 17) күміс жүлде - Махулбеков Али  және  Ержанқызы Алтынай; Қыздар жұбы (WD 14-20) қола жүлде - Орынбаева Раушан  және  Ержанқызы Алтынай; Ерлер жұбы (MD 4) қола жүлде - Имаков Мади және Нурмагамбетов  Ардақ; Аралас жұп (XD 14) қола жүлде Оразбек Азамат және Габриела Константин (Румыния).

Жаңалықпен бөлісу

Пайдалы сілтемелер

Паралимпиада спортының барлық жаңалықтары Сурдлимпиада спортының барлық жаңалықтары IWAS барлық жаңалықтары